Қазақстан автобизнес қауымдастығы шағын футболдан турнир өткізді

Өткен демалыс күндері Алматыда Қазақстан автобизнес қауымдастығының мүшелері – командалар арасында шағын футболдан бірінші турнир өтті.

Командалар екі топқа бөлініп, матчтардың қорытындысы бойынша жартылай финалистер мен финалистер анықталды.

«А» тобына Allur Auto командасынан басқа «Алматы АТО», «Mercur Auto», «Aster Auto» және «Kaspi bank» командалары енді. «В» тобына Коммескомир, Gefco, Phaeton DC, Caspian Motors және Еуразиялық банк командалары кірді.

Жартылай финалға Kaspi bank және Еуразиялық банк, сондай-ақ Allur Auto және Gefco командалары шықты. Kaspi bank пен Gefco арасындағы 3-орын үшін өткен кездесуде банк командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Еуразиялық банк командасы жеңіп алды.

Allur Auto командасы шағын футбол турнирінің жеңімпазы атанды

Номинациялар:  

«Жеңіске ұмтылу» номинациясы Gefco командасына берілді;

«Үздік командалық рух» номинациясы «Алматы-АТО» командасына берілді;

«Үздік черлидинг командасы» номинациясы Gefco жанкүйерлеріне бұйырды;

«Үздік қақпашы» номинациясында Allur Auto командасынан Юрий Хлызов жеңіске жетті;

Турнирдің «үздік қорғаушысы» «Еуразиялық банк» командасынан Данияр Наушин;

Нариман Садаев – Gefco командасы «Үздік шабуылшы» деп танылды;

«Айлакер аяқ» номинациясы «Алматы АТО» командасынан Медет Байшаловқа берілді.

Қазақстан автобизнес қауымдастығы шағын футболдан – JSCAB турнирін өткізді Қазақстан автобизнес қауымдастығы шағын футболдан – JSCAB турнирін өткізді Қазақстан автобизнес қауымдастығы шағын футболдан – JSCAB турнирін өткізді Қазақстан автобизнес қауымдастығы шағын футболдан – JSCAB турнирін өткізді
Дата: 12.10.2015