Энергетика министрлігі жеңілдік сертификаттары бойынша 23 мыңнан астам автокөлікті қайта өңдеуге квота бөлді.

Жаңа көліктерді сатып алуға жеңілдік сертификаттары бойынша автокөліктерді қайта өңдеу бағдарламасын іске асырудың алғашқы 10 күнінде РОП операторы 32 жеңілдік сертификатын берді.

 

Бағдарлама шарттарына сәйкес, көлік иесі тапсырылған көлік қоқыстарының орнына жаңа экологиялық таза көлік сатып алғаны үшін жеңілдік сертификатын алады. Алынған сертификатқа жеңілдік Қазақстан аумағында әрекет етеді және отандық өндірістегі автокөліктерге қолданылады.

Энергетика министрлігі жеңілдік сертификаттары бойынша 23 мыңнан астам көлікті кәдеге жарату үшін квота бөлді - JSCAB

Бағдарламаға Қостанайда шығарылатын JAC, Peugeot, SsangYong, Iveco, Ravon Huyndai және Chevrolet Niva көліктері де кіреді.

 

Жаңа көліктерді сатып алуға жеңілдік сертификаттарын беру – елдің автопаркін жаңартуға, экологиялық таза көліктер өндірісін ынталандыруға және қайта өңдеу өнеркәсібінің инфрақұрылымын құруға арналған қызмет мерзімі біткен көлік құралдарын қайта өңдеу бағдарламасының екінші кезеңі.

Дата: 17.07.2017