Allur General Motors-пен өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтеді

Allur General Motors - JSCAB-пен өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстанның автоөнеркәсіптің әлемдік брендтерімен өндірістік кооперациясы нығая түсуде. Қазақстандық Allur автомобиль компаниясы General Motors компаниясымен өндірісті одан әрі кеңейту туралы келісімге қол қойды
2020 жылы басталған бірлескен жұмыс қысқа мерзімде салада тамаша нәтиже көрсетті – елімізге машина жасау саласына ірі инвесторлардың бірі тартылды, жаңа жұмыс орындары ашылды, кәсіптік оқыту жалғасуда, және Chevrolet Қостанай зауытының өнімі республикада көшбасшы ретінде өзін берік орнықтырды және экспорттық нарықтарда сұранысқа ие болды.

«Дженерал Моторс командасымен ынтымақтастық Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін дамыту үшін үлкен және стратегиялық маңызға ие. Әңгіме тек өнім өндіру туралы ғана емес, біздің әріптестеріміздің көптеген ондаған жылдар бойы жинақтаған технологиялары мен тәжірибесінің трансферті туралы болып отырғанын түсіну керек», - деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Allur General Motors - JSCAB-пен өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтеді

Үшжақты келіссөздер сериясы аясында Қостанайдағы Allur зауыты «UzAutoSanoat» компаниясымен өнеркәсіптік ынтымақтаса отырып, шығарылатын автомобильдер желісін CKD әдісімен жылына 30 000 бірлік шығаратын жаңа Chevrolet Onix көлігімен толықтырады. . Жобаны жүзеге асыру үшін 50 миллион долларға жуық инвестиция тартылады, бұл өндіріс әлеуетін кеңейтіп, қазақстандықтарды заманауи әрі қолжетімді көліктермен қамтамасыз етеді.

«Бүгін мен General Motors компаниясының атынан Қазақстан үкіметін осы бірлескен жұмыстағы табыстарымен құттықтағым келеді. Аллурға өндірістік кооперацияны дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін. Өте қысқа уақыт ішінде біз бірге брендті Қазақстан нарығында көшбасшы ете алдық», - деді GM International президенті Шилпан Амин.

Бірлескен жұмысты дамытудың ұзақ мерзімді жоспарында тараптар өткізу нарықтарының қажеттіліктері мен тұтынушылардың сұранысын ескере отырып, автокөліктердің түрлерін жаңарту және кеңейту мүмкіндіктері туралы келісті. GM-мен өзара тиімді ынтымақтастық Қазақстанды жаһандық автомобиль өнеркәсібінің картасына ендірді, бұл елді халықаралық инвесторлар үшін анағұрлым тартымды алаңға айналдырады.

Дата: 28.10.2022